Шығыс Қазақстан облысындағы "Ауыл-авто" шекаралық тексеру бекетінде 10,7 кило героин ұсталып тәркіленді

Есірткі тасымалдаушының автокөлігі 19-ақпанда ол кедендік өткізу бекеті арқылы Ресейге өтпек болған кезде ұсталды. Автокөліктің артқы доңғалағына жасырылған есірткіні иісшіл ит тауып алды. Есірткі 12 пластик бума түрінде оралыпты.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс ҰҚК-нің Шығыс Қазақстан облыстық департаментіне тапсырылды.