Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, 28-наурыз бен 6-маусым аралығында облыстың емдеу-профилактикалық мекемесіне кене шаққан 2060 адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 592-і 14 жасқа дейінгі балалар. Департаменттегілердің айтуынша, 2006 жылы осы кезеңдегі кенеден зардап шеккендер саны - 1508 адам.
Естеріңізге сала кетейік, облыста кене энцефалитімен мамыр айында үш адам ауырған болатын. Департамент мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, науқастарыдың саны әзірге белгісіз.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесіндегілер, "қазіргі уақытта облыстағы індеттің таралу аумағындағы емдеу-алдын алу мекемелері кене энцефалитіне қарсы дәрі-дәрмекпен қамсыздандырылғандығын" растап отыр. Індетті жұқтырудың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында емдеу-профилактикалық шаралар мен санитарлық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті