Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпараты бойынша шошқа қорасында 295 бас торай мен бұзау болған. Өрт сөндіру барысында бар болғаны 60 торай мен 2 бұзауды ғана құтқарып қалуға мүмкіндік жетті.
Өрт сөндіру шарасына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 15 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт 7 сағатта әрең аыздықталды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.