Шығыс Қазақстан облысындағы Қандысу қоймасындағы су деңгейі қатерлі межеге жетті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қандысу қоймасындағы су деңгейі қатерлі меже - 43 млн текше метрге жетті.

"Келіп жатқан су көлемі (секундына 23 текше метр) ағып кететін көлемнен төмен (секундына 20 текше метр)",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Бөгет бұзылған жағдайда Бозша, Маңырақ, Жетіарал және Ақжар елдімекендері тасқын аймағында қалуы ықтимал",- деп хабарлайды департамент.

Тасқын болу қаупі бар аумақта 15 мыңдай адам тұрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті