Шығыс Қазақстан облысындағы тікұшақтың апаттық жағдайда қонуының себебі 9-наурыздан кейін ғана белгілі болады - арнайы комиссия

"Оқиғаның нақты себебі комиссияның осы жылдың 9-наурызына дейін созылатын жұмысы аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады",- деп хабарлады комиссияның төрағасы. Оның құрамына, сондай-ақ, Қазаэронавигация өкілдері, ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі инспекторлар кірген.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Өскемен - Павлодар - Ақтөбе бағытына бет алған Ми-2 тікұшағы Ақтөбедегі авиациялық жөндеу зауытына қозғалтқышына күрделі жөндеу жасату үшін ұшып шыққан. Тікұшақ бортында бір ұшқыш болған.

Қазіргі уақытта маман-механиктер жарамсыз қозғалтқышты ауыстыруда. Осыдан кейін тікұшақ Өскеменге тұрақты орналасқан орнына ұшып барады.

Бұрын хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні кешке Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданының Семеновка аулының жанар-жағармай бекетінің маңына Өскемен коммуналдық мемлекеттік қазына кәсіпорынының Ми-2 тікұшағы апаттық жағдайда қонған. Тікұшақтың қозғалтқышы істен шыққан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті