"Көктемнің соңы мен жаздың басында қалыптасқан қолайсыз ауа-райына, жаңбырдың жаумауына, жоғары температураға, сондай-ақ, 2008 жылдың қалған өрт қаупі бар маусымына жасалған жадыратпайтын болжамға байланысты өрт сөндірудің құрал-жабдықтарын сатып алуға 14 млн теңге бөлу қосымша қарастырылған", - деген ақпарат ұсынды әкімдік.
Осылайша, 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысының орманын қорғауға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 146,5 млн теңге бөлініп отыр.