Шығыс Қазақстан облысының әкімі демалушыларды орманға жіберуді шектеуді тапсырды

"Өрттердің алдын алудағы маңызды мәселе ұйымдастырылмаған демалушыларды орманға жіберуді шектеу болып табылады. Онда қазіргі уақытта өрт шығу қаупі өте жоғары", - деп мәлімдеді Ә. Бергенов 10 тамыз күні Қатон-Қарағай ауданындағы өрт салдарынан жағдайдың ушығуы мәселесі жөніндегі шұғыл кеңес барысында.