Шығыс Қазақстан облысының әкімі электр қуатын үзіліссіз беру мәселесі бойынша энергетика компанияларымен келіссөздер өткізді

"Кездесуде тараптар қазіргі электр және жылу қуатын жасау, қайта бөлу және тұтынушыларға жіберу тұрақтылығын сақтау жөнінде келісті", - деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

Әкімшілікте аталмыш мәселені ұзақ уақытқа жоспарланған реттеу аясында облыс басшылығы қазіргі уақытта қосымша өз кезегімен іске асырылатын әрекеттер кестесі жасалып жатқанын хабарлады.

Бұрын хабарлағанымыздай, 15-қаңтарда "Шығысэнерготрейд" ЖШС 16-қаңтардан бастап облыс тұрғындарына электр қуаты тәуліктік мөлшерінің жартысына дейін қысқартылуы мүмкін екенін жариялаған болатын. Бұл шараларға компания Қазақстан нарығындағы электр қуатының жетіспеушілігі, ауа-райының күрт суытуы және электр қуатын тұтыну көлемінің кент артуы салдарынан барып отырғандықтарын хабарлаған еді.