Шығыс Қазақстан облысының әкімі медицина мамандарын дайындауға қосымша гранттар бөлді

Облыстың медициналық мекемелерінде дәрігерлер жетіспейді. Осы тауқыметті шешу үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенев Семей Мемлекеттік медицина академиясына арнап қосымша 73 білім беру грантын бөлді. Оқуларын бітірген соң грант иелері үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндетті.

Жатақханада тұру ақысы мен шәкіртақыны қамтитын гранттарды таратуда кедей және көп балалы отбасылардан шыққандар мен жетімдерге артықшылық берілді.