Шығыс Қазақстан облысының әкімі жұмысшы кәсіптері бойынша жаппай мамандар дайындау бағдарламасының жүзеге асырылу барысына көңілі толмайтынын білдірді

Облыс әкімі Әділғазы Бергенев жұмыс кеңесін өткізіп, онда жұмысшы кәсіптері бойынша жаппай мамандар дайындау және кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаның жүзеге асырылу барысы талқыланды.

"Әкім басты кешілік ретінде өңірдегі еңбек нарығындағы жұмысшы мамандарға деген сұраныс ахуалына мониторинг жүргізу жүйесінің жоқтығын атады. Ол сондай-ақ, жетекші өнеркәсіп орындарының мамандар іріктеу қызметімен мақсатты ықпалдастықтың жетімсіздігін, мектеп түлектерін кәсіпке баулу жүргізілмейтіндігін, жалпы мамандар дайындау деңгейінің төмендігін, өңірдегі кәсіптік-техникалық оқу оырндарында кәсіптік білім беретін жоғары кәсіпқой шеберлердің тапшылығын атады", -делінген хабарламада.

Кәсіби жұмысшы мамандардың тапшылығы тауқыметін шешу үшін білім беру басқармасының бюджеті 0,5 млрд теңгеге ұлғайтылған болатын.