Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінде жаңа мамандар тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Жәнібек Кәрібжановтың өкімімен облыс әкімінің екі жаңа орынбасары тағайындалды. Олар бұрындары Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған Аманкелді Тәженов пен Глубоковское ауданының әкімі лауазымын атқарған Сергей Плотников.

Сонымен қатар, бұрын облыстық жер қатынастары жөніндегі басқарманы басқарған Төлеген Ыбыраев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті