Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жер сілкінісінен құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ

"Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер асты дүмпуі Рихтер шкаласы бойынша 2 - 4 балл құрады. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, облыс аумағында құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ",- деп хабардар етті Төтенше жағдайлар басқармасындағылар.

Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2 сағат 02 минутта жер сілкінісі болған. Алтай Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс істері жөніндегі министрілігінің жедел кезекшісінен алынған мәліметтерге сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Ресей Федерациясының Алтай Республикасының Шалабинск ауданында Рихтер шкаласы бойныша 4,3 балл болған.