Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны суға батып кеткен автокөлікте бір тәуліктей отырған, олардың біреуі қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы Сержиха өзенінен өтпек болған. Соның алдында ғана жауған нөсерден өзен суының деңгейі күрт көтеріліп, сол сәтте судың тереңдігі 1,5 метрге жеткен. "Ағынның қаттылығынан автокөліктің жүргізушісі көлігін басқа алмай, көлік суға батып кеткен",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, су автокөліктің төбесі мен терезесіне жетпеген, кабинаға ауа кірген.

Департамен баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудандық полиция болған оқиға туралы төтенше жағдайлар департаментіне бір тәуліктен кейін ғана хабар берген. Құтқарушылар мен сүңгуірлер оқиға орнына шұғыл жеткенімен, құтқару техникасының болмауына байланысты жұмысқа кірісе алмаған. "Бұдан кейін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт сөндірушілерден көмек сұраған. Өскемендегі өрт сөндіру бөлімдерінің бірі оқыс оқиға орнына ауыр жүк машинасын жіберген".

Осыдан кейін ғана суға батып кеткен адамдарды шығарып алуға мүмкіндік туған. Дәрігерлер көлік жүргізушісінің қаза тапқанын тіркеді, бірақ өлім себебі сараптамадан кейін белгілі болады. Ал екінші адам ауруханаға жатудан бас тартқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті