"Тауарларды кедендік рәсімдеудің жаңа ережелері енгізілуіне байланысты автокөліктер мен жүк иелері жүктің әр килосына 0,6 евро төлеуден бас тартып отыр", - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
"Кедендік заңнама талаптары көлеңкелі айналым мен жемқорлық көріністерді азайтуға бағытталған. Алайда, кәсіпкерлер жаңа ережелермен келіскісі келмейді", - деп хабарлады кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері.
Департамент ақпаратына сүйенсек, "Қорғас" және "Қалжар" кеден бекеттерінің Қытай жағында халықтық тұтыну тауарларын артқан шамамен 600 көлік шоғырланып үлгерген.
Осыған қарамастан, Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментіндегілер "тауарларды кедендік рәсімдеудің ескі тәртібіне қайта оралмаймыз деп отыр. Ал мемлекеттік органдардың заңды қызметіне кедергі келтірген тұлғаларға өте қатаң жаза қолданылатын болады" деп сендірді.
Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 13-қазанынан бастап Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың (жеңілдік тәртібі қарастырылмағандар үшін) тауарларын оңтайландырылған тәртіппен декларациялауда біртұтас кедендік төлем мөлшерлемесі өзгертілген болатын.
Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментіндегілердің айтуынша, "бұрын тасымалдаушылар үшін де, кеден қызметкерлері үшін де енгізіліп жатқан тауардың кедендік құнын және кодын растау жұмыстары қиындық туғызып келген. Сондықтан, кәсіпкерлер қулыққа баратын".
Енді жоғарылатылған мөлшерлеме бойынша, яғни килосына 0,6 евродан
кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мен төлеудің (тауар түріне байланыссыз) жаңа оңтайландырылған жүйесі енгізіліп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті