Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметінің автопаркі жаңа өрт сөндіру көліктерімен толықтырылды

"Облыстың Өрт сөндіру қызметінің департаменті өзінің техникасын толықтырды. Орал қаласынан тура рейспен облыс орталығына "ЗИЛ" маркалы 7 жаңа өрт сөндіру көлігі келіп жетті",- деді баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметі қызметкерлерінің айтуынша, мұндай техникалар өзінің сыйымдылығымен және ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, цистернаның сыйымдылығы 2,5 мың литр суды құрайды, ал сорғыш құрылғысы жүргізушінің кабинасында орналасқан.

"Бұл көліктер жақын арада тек қалада шыққан өрттерге ғана емес, аудан орталықтарында шыққан өрттерді сөндіруге жіберіледі. Олардың көбісін біздің облысымыздың аудандық өрт сөндіру бөлімшелеріне арнайы жібереді",- деп хабарлады Өрт сөндіру қызметінің департаментіндегілер.