ІІД ақпаратына сүйенсек, биыл 27 шілдеде Бұқтырма су қоймасындағы "Көгілдір шығанақ" ("Голубой залив") демалыс базасында 32 жастағы Өскемен тұрғыны 31 жастағы демалушыны тапаншамен атып тастаған. "Бұл түнгі сағат екіде болды. оқиға куәгерлері бар. Олардың әрқайсысы өз топтарымен бірге "Дельфин" дәмханасында демалған. Олардың арасында дау туындап, олар жағажайға мәселені шешу үшін кеткен. Бірнеше минуттан кейін атыс үні естілген", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Зардап шегуші ауруханаға барар жолда жан тапсырды.
Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы келгеннен кейін шамамен 4-5 оқ атылғаны анықталған. "Тапанша осы уақытқа дейін табылған жоқ. Дегенмен оқиға орнынан гильзалар табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық, баллистикалық сараптамалар жүргізілуде. Мамандар соларға сүйене отырып, тиісті қорытынды шығарады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.