Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық әкімдіктері бірқатар кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"Өзара ынтымақтастық туралы меморандум Өскемен арматура зауыты, Бұқтарма цемент зауыты, "Гидросталь", "Кседа", "Силикат" кәсіпорындары мен Өскемен, Семей қаласының, Зырянов ауданының әкімдігі арасында жасалды. Қол қойылған келісімге сәйкес, бизнесмендер қаражаттарын әлеуметтік және экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға сала алады", - деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, үш жылға жасалған меморандумға сәйкес, кәсіпкерлер 1 млрд 345 млн теңгені жолдар салу және оны жөндеу, балалар мекемелері мен қарттар үйіне көмектесу секілді әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсайды.