Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары боранды күні жоғалып кеткен шопанды іздестіріп жатыр


Семей аймағында боранды күні бірден тоғыз шопан жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан кейін олардың сегізі табылды, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті.
Тоғызыншысы әлі күнге табылған жоқ. Знаменский ауылдық округінде 60 жастағы шопан мен 500 бас малды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Хабарламаға сүйенсек, сейсенбі күні кешқұрым ауа-райы бұзылып, боран мен дауыл салдарынан жол жабылған болатын.