Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны күйдіргіге шалдықты деген күдікпен ауруханаға түсті

Агенттік ақпаратына сәйкес, әлгі ер адам 29-маусымда Знаменка ауылдық ауруханасына түскен. Алдын-ала болжам бойынша, 14-маусымда мал сойып жатқан кезде оны бір жәндік шағып алған. Науқас пен мал сойылған жерден сынамалар алынып, Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының зертханасына жіберілді.