Екі күндік сапары барысында Ж.Кәрібжанов Шүлбі кентінде орналасқан Шүлбі кеме шлюзі мен "AES Шүлбі су электр станциясы" ЖШС-інде болмақ. Семей қаласындағы сапар бағдарламасына сәйкес, ол №19 орта мектепте, онкологиялық диспансерде, Семей азық-түлік комбинатында болады. Әкім сонымен бірге кәсіпкерлермен және Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесіп, Абай мұражайын аралайды.
18-қаңтарда Ж.Кәрібжанов Воскресенск соборы мен Әнет баба атындағы қос мұнаралы мешітте болып, 1-ші Жылу электр орталығы мен Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинатының жұмысымен танысады.
Түстен кейін Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Семей қаласы әкімінің сол жақ жағалау тұрғындарына есеп беру жиынына қатысады. Ал кешкісін Ж.Кәрібжанов Приречное ауылына барып, онда ауылдық округ және өңір кенттерінің әкімдерімен кездеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті