Бұған дейін Жарқын ауылында мектеп болған жоқ. Соның салдарынан балалар сабақтар өткізуге арнап жабдықтаған, әр жердегі бұрынғы үш тұрғын үйдің ғимаратында оқып келді. "Онда тек кабинеттер ғана бар, ал шеберханалар мен спортзал деген атымен болған жоқ",- дейді Е.Солонцов.
Оның айтуынша, мектеп құрылысы 2004-жылы басталған. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 147 млн. теңге бөлінді. Қазіргі жағдаймен мектептің ғимараты, трансформатор пункті мен қазандық құрылысы аяқталды. Бүгінде ғимарат құрылысы сыланып, шатыры жабылуда.
Екі қабатты мектеп ғимараты 160 орынға есептелген.
Е.Солонцовтың хабарлауынша, қазір тағы бір мектеп салуға арналған жобалық-сметалық құжаттар жасалып дайын болды. Бұл мектеп Семейдің Восточный ықшам ауданында салынады. Ауданда қазір екі мектеп бар, бірақ олардағы бала саны 2,5 есе артық. 1296 балаға арналған жаңа мектеп жағдайды сәл де болса жеңілдетеді, дейді Е.Солонцов.