Шығыс Қазақстан театры - Астана төрінде

4 шілде күні Жамбыл атындағы облыстық драма театры Д.Исабековтың (реж. Е.Тапенов) «Мұрагерлер» атты қойылымымен астаналықтарға ұсынады. 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев және Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовпен, өзара іс-тәжірибе алмасу жөнінде Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мен орыс драма театрымен үш жақты меморандум жасалынып, қол қойылған.

Онда: Қазақстан театр өнерін дамытуда, екі жақты қатысушылардың шығармашылық тәжірибе алмасуы: театр ұжымдарының мәдениетті дамытудағы шығармашылық тығыз байланысы, бір-біріне гастрольдік сапармен қарым-қатынаста болуы тараптары көрсетілген.

Меморандумның жалғасы іспеттес, Алтайдың бауырындағы әсем қала Өскеменнен, шырайлы Шығыс еліндегі өнер ұжымының дайындап апарған қойылымын, Астана халқын мерекелерімен құттықтай отырып тарту жасамақшы.