Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында болған жол апатынан 4 адам қаза тауып, екеуі жараланды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы-Астана тас жолының 134-ші шақырымында 27-мамырда 18 сағатта "БМВ" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. "Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 19 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болып, тағы бір 19 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында Омбы-Майқапшағай тас жолының 1-ші шақырымында 27 -мамырда 11 сағатта "УАЗ-3303" жүргізушісі "Вольво" автокөлігімен соғысты. Жол апаты салдарынан "УАЗ-3303" жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқыс оқиға орнында мерт болды. "УАЗ" автокөлігінде отырған тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті