Мекеме ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекі ауданында 8-қыркүйекте 16 сағатта 160 гектар аумақты алып жатқан таулы аумақта өрт шықты. 10-қыркүйетегі 19 сағаттағы жағдаймен өрт аумағы 930 гектарға дейін жетті. Өртті сөндіруге 211 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 51 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.
Ал Павлодар облысы Баянауыл ауданында 10-қыркүйекте 8 сағат 12 минутта далалық өрт шықты. 18 сағаттағы жағдаймен өрт 15800 гектар аумақты шарпыды.
Өртті сөндіруге 78 адам мен 17 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті