ТЖМ мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысының Кривинка кентінен 10 шақырым жерде 4 маусымда 16 сағат 10 минутта 180 гектар өртке оранды. Сондай-ақ, 4 маусымда 23 сағат 59 минутта Қарағанды облысының Шұбарқұдық елдімекенінен 11 шақырым жерде жатқан 200 гектар аймағында өрт шықты. Өрт көздері ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметтерімен ауыздықталды.