Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш жол апатынан бес адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Мекеме ақпаратына сәйкес, 28-қарашада Семей-Курчатов тас жолының 22-шақырымында "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ" көлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург тас жолының 695-шақырымында "BMW" автокөлігінің жүргізушісі "Subaru" көлігімен соғысты. Апат салдарынан "BMW" жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, "Subaru" көлігінің жүргізушісі мен "BMW" көлігінің бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, 28-қарашада Қызылорда-Петропавловск тас жолының 460-шақырымында "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ"жүк көлігімен соғысты. Апат салдарынан "ВАЗ-2106" автокөлігінің жолаушысы жарақататн оқиға орнында мерт болып, тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті