Шығыс Қазақстанда 700 гектар жерде далалық өрт шықты



Мекеме ақпаратына сәйкес, өрт Бесқарағай ауданының Долон орман шаруашылығында 13-тамызда 17 сағат 20 минутта шыққан. Шаруашылықтың 149, 141, 129, 101, 100, 72, 71 және 128-ші кварталдары өртенген. Өрттің жалпы аумағы 700 гектарды құрады.

Өртті сөндіруге 126 адам мен 36 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 25 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.