Күдікті:
- Мен тұрдым да, әке қойыңызшы, - дедім. Пышағым төмен тұрған. Итергенде қадалып қалды да дүрс ете түсті.
- Әкеңіз ұстап тұрды ма?
- Ұстап тұрып, «әкең аузын сі...ейн» деп, одан сайын жармасты. Итергенімде тағы қадалған болуы керек. Қараңғы болды.
Әке мен баланың арасындағы дауға біраз уақыттан бері бас араздық болған көрінеді. Шаруа қожалығын басқарып отырған 53 жастағы отағасының ұлы еш жерде жұмыс істемеген. Сондықтан жатып ішер бала әкесінен бизнестен түскен табыспен бөлісуін талап етіпті. Тіпті, түрлі ескерту жасап қорқытқан. Пышақ ұстаған құбыжықтың да суреттерін жіберіп отырған. Ақыр аяғы жанжал шегіне жетіп, күдікті әкесін пышақтап тынды. Қанпезер бала тергеу абақтысына қамалды. Енді қолы қанға малынған ол 10 жылдан астам уақытқа бостандығынан айырылуы мүмкін.