Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Большенарым ауылында болған. "1 қаңтарда аудандық орталық аурухананың хирургиялық бөліміне 7 жасар бала ит қауып алуға байланысты жеткізілген. Ит оның басынан, мойнынан, арқасынан , қолы мен аяғынан қауып алған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бала жарақат салдарынан сол күні көз жұмды.
Иттің иесі ауылдың 54 жастағы тұрығыны болған.