Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы отқа оранған үйде қалып қойды

Шығыс Қазақстан облысының Путинцево ауылында бүтін бір отбасы тілсіз жаудан зардап шекті. Өрт сөндірушілерді оқиға куәгерлері мен көршілер шақырған.

Өрт сөндірушілер келген кезде екі балалы отбасы тұрып жатқан үй түгел отқа ораныпты.

Көршілер отбасының төрт мүшесін өрттен алып шыққан: 62 жастағы және 35 жастағы әйелдер, 14 жастағы қыз бен 4 жасар ер бала.

Зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер үйінді астынан 1965 жылғы ер адамның денесін тапты.


Өрттің жалпы аумағы – 64 шаршы метр. Толығымен сөндіруге бес сағат кеткен.

Мамандардың айтуынша, өрттің себебі электр желісінің істен шыққандығы болуы мүмкін.