Шығыс Қазақстанда найзағай салдарынан үш өрт болды


Риддер қаласында найзағай соғу салдарынан электр желілері мен трансформаторлық будкадан өрт шыққан. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.

Өскеменде баубақша қауымдастығы аумағында электр сымының ағаш бағанына найзағай түскен, Семей қаласында жекеменшік үй ауласындағы құрылыс нысанның ағаш бағандарына найзағай түсіп өрт шыққан.