Жекеменшік үйдегі өрт кеше кешкісін болған. Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында мәлімделген.
Жекеменшік үй толық отқа оранған. От үйдің қасындағы шаруашылық жайларға жайылған. Жалпы 52 шаршы метр жерді өрт шалған.
Өрт сөндірушілер ол жерден 67 жастағы зейнеткер мен тағы бір адамның мәйітін тапқан. Қазір оның кім екені анықталуда.