Шығыс Қазақстанда өткір респираторлық вирусты жұқпалы дертті жұқтырудың эпидемиологиялық шегі асып кетті

"Соңғы үш аптада 6 мың адамға өткір респираторлық вирусты жұқпалы дертті жұқтырғаны туралы диагноз қойылды. Бұл көрсеткіш өткен қыстағы көрсеткіштен 300 оқиғаға көп", -деп хабарлайды мекеме.

Осы қыста вирустың А1, А3 және В секілді негізгі үш түрі таралуда, олардың арасынан 2008 жылы А3 түріндегі вирус таралмақ. Аурудың өсу көрсеткіші Өскемен, Семей, Аягөз, Зыряновск және Абай аудандарында байқалды.

Эпидемиолог дәрігерлердің айтуынша, "биыл тұмауға шалдыққан балалардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 60-65% өскен. Өткір респираторлық вирусты жұқпалы дертпен және тұмаумен ауырудың ең жоғары шегі қаңтардың екінші онкүндігіне дөп келмек".