Шығыс Қазақстанда пара алу кезінде өртке қарсы қызметтің майоры ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха ауданының ТЖ бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" қаржы полициясының облыстық департаментінің баспасөз қызметінен.


           Олардың айтуынша, майор жергілікті кәсіпкерден өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандығы үшін әкімшілік жауапқа тартпау және болашақта көмектесу мақсатында 300 мың теңге сұраған.
           Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалған, ол қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.