Шығыс Қазақстанда қасқырлар құтырып жатыр

150-ден астам түтіні бар ауылдағы әрбір үйден бүгінге дейін 1-2 мал қасқырға жем болған. Тіпті ауыл тұрғындары қас қарайған соң үйлерінен шығуға да үрейленіп қалған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының мамандары қасқырларды ату үшін арнайы әуе отряды жасақталғанын жеткізді. Аңшылар әуелі әуеден бақылау жасап, одан соң қасқыр көп шоғырланған аудандарда атуды бастайды. Бір жылдың ішінде аймақ бойынша 346 қасқыр ауланған.

"Бүгіннен бастап тікұшақ бойынша әуеден бақылау рейді басталып кетті. Суық түсіп, қар түскен кезден қар мотациклімен шығып, жерден рейдтер басталады" дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім жетекшісі Арман Есентаев.