Шығыс Қазақстанда су тасу қаупі күшейді

Бұл туралы «Қазгидромет»РМК-ның Шығыстағы филиалы хабарлады.

Бүгінде облыс аумағындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы күтілуде.

24-26 шілде күндері қатты жауын жауады. Әсіресе, таулы аймақтағы өзендер тасып, жақын маңдағы елдімекендерге қауіп төндіруі мүмкін.