Осылай деп ескерту жасаған құтқарушыларға мән беріп жатқан жұрт жоқ. Аптап ыстықта өзен жағалап, тыйым салынған жерлерде жүзіп жүргендер өте көп.
Владимир, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Менің көз алдымда бір бала суға кетіп өлді. Құтқара алмайтынымды білдім. Себебі бала шомылып жүрген жер тым терең еді. Өзім батып кетем бе деп қорықтым. Біраздан соң құтқарушылар келгенімен, тым кеш болды.
Мамандар әдетте мас адамдар балаларын қараусыз қалдырады дейді. Соның кесірінен осы маусымда балаларға қатысты жеті қайғылы оқиға тіркеліпті. Ал соңғы тәулікте Семейде жеті жасар ұл мен Өскеменде он бестегі қыз суға кетті.
Азамат Мұратханов, ШҚО ТЖД судан құтқару станциясының қызметкері :
-Көбінесе мас адамдар суға кетеді. Балаларына қарамайды. Күн өте ыстық сондықтан, қазір жағдай қиын болып тұр.
Құтқару қызметіндегілер болса маусымның қызған шағында барлық жағалауларды қамтып үлгермей жатқандарын айтады. Мына кісіні құтқарушылар су астынан бірнеше тәулік іздеген. Ащы суды әбден сілтеген жігіт тіпті шешінбестен шомыламын деп, ақыры мерт болған.