Таулы аймақ болған соң, төменге зулап аққан қызыл су 400-дей үйге кіріп, тіпті көпірді шайып әкеткен. Қазір су едәуір тартылып, қауіпсіз орынға көшірілген тұрғындар қайта оралып жатыр. Десе де, баспаналардың басым бөлігі тұруға жарамсыз болып қалды. Жақын күндері ауылға келетін арнайы коммисия арнасынан адасып аққан судың келтірген шығынын есептемек. Ал, облыстық төтенше жағдай департаменті тасыған өзендердегі судың көлемі азайды дейді. Айтуларынша, енді тасқын жүруінің қауіпі жоқ. Сондықтан мұнда қызыл су шайған жолдар мен қираған көпірді жөндеу жоспарланған.
Александр Ломыгин, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:
-Ауа-райының күрт жылып, тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан, өзендер тасып осындай жағдай болып отыр. Қазіргі уақытта су кірген 20 үй бар. Ол жақта біздің қызметкерлер жұмыс істеп жатыр.
Loading...