Шығыс Қазақстанда үйінді астында қалған кеншінің мәйіті бір тәуліктен кейін табылды


Оның екеуі қаза тапты. Марқұмдардың мәйітін құтқарушылар тәулік бойы іздеп үйіндінің астынан бүгін алып шықты. Құдай сақтап 3 кенші ажалдан аман қалған. Бірақ жарақаттары өте ауыр. Қазір ауруханада. Ал «Казцинк» компаниясына тиесілі кен орнындағы жұмыс  уақытша тоқтатылған. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бірнеше адамды бақилық қыла жаздаған шахтаны облыстық прокуратура шұғыл тексеруге көшті. Себебі қауіпсіздік ережелері сақталмаған деген болжам бар. Қылмыстық іс қозғау мәселесі де қаралып жатыр.