Шығыс Қазақстанда жекеменшік үйде болған өрт салдарынан екі адам қайтыс болып, бір бала зардап шекті


Өрт шалған алаң 100 шаршы метрді құрайды.

Өрт салдарынан 52 жастағы ер кісі мен 51 жастағы әйел қайтыс болды. Сонымен қатар, бір жасар бала денесін күйік шалып ауруханаға түсті.