Шығыс Қазақстанда жол апатының көрсеткіші 97 пайызға артып отыр


Облыстық жол полициясы басқармасының мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысында 8 айдың ішінде жүргізушілердің көлік басқару ережелерін сақтамауынан 59 жол-көлік апаты орын алды. Осы көлік оқиғаларында 2 адам қаза болып, 62 адам әр түрлі жарақат алған. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол апатының көрсеткіші 97 пайызға артып отыр.