Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ""ВАЗ-2109" көлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2107" көлігімен соқтығысты. Апат Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Семей-Қарауыл тас жолының 117-ші шақырымында болды".
Апат салдарынан "ВАЗ-2109" көлігінде отырған 19 жастағы қыз оқиға орнында жан тапсырды. Үш әйел, соның ішінде "ВАЗ-2107" көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті