Семейде "СемАЗ" ЖШС Shacman жүк көліктері мен үлкен Daewoo автобустарын құрастыра бастады, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" "СемАЗ" ЖШС бас директоры Әсемхан Досқожанов.
"Әзірге жекеменшік компания үшін 25 Shacman құрастырмақпыз, Daewoo-дан 12 метрлік 10 автобус және 9 метрлік 30 автобус", деді ол.
Shacman маркісіндегі жүк көліктері желтоқсан айында шығарыла бастады. Жүк көліктерін шығару линиясының өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна көтеретін 1500 көлік шығару.
"СемАЗ" ЖШС 2012 жылы маусым айында ірі Shaanxi автомобиль компаниясымен арада осы зауытта көлік құрастыру туралы келісімге қол қойған. Зауыт бастапқыда жүк көліктерін ішкі рынокқа, сосын ТМД елдеріне тасымалдамақ.
"СемАЗ" ЖШС Семейде бұрынғы арматура зауытының базасында құрылған.