Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері полицейлердің қатысуымен 8 сыбайлас жемқорлық қылмыстары жасалды

"Ағымдағы жылдың басынан бері тәртіп сақшылары 8 сыбайлас жемқорлық қылмыстары жасады. Оның төртеуін департаменттің күшімен, төртеуін ҰҚК департаментінің күшімен әшкереледік", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Олардың түсініктемесіне сәйкес, "өткен жылдың осы мерзімінде ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы 16 заң бұзушылыққа барды". "Беті ашылған заң бұзушылықтар көрсеткіші өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 50 %-ке азайды", - дейді ІІД-дегілер.

Атап айтсақ, қаңтар айында Семей ІІБ Затон полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты сот басқалар үшін сабақ сипатында өтті. Ол бес жылға бас бостандығынан айрылды. Сонымен бірге жыл басынан бері қызмет бабындағы тәртіпті бұзған 28 тәртіп сақшысының үстінен әкімшілік хаттамалар қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті