Шығыс және Батыс Қазақстан облысында өрттердің салдарынан үш адам қаза тауып, екеуі жараланды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Предгорное ауылында жай үйдегі 40 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 2 адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Сондай-ақ, Оралда 14 қаңтарда 01 сағат 25 минутта жай үйдегі өртті сөндірген кезде 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.