«Шығыс-2011» оқуларына қатысу үшін Ресей Қарулы күштерінің әскерилері келді

Әскери делагацияны Ресей Орталық әскери округ штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Сергей Чувакин бастап келді. Сапардың мақсаты - «Шығыс-2011» бірлескен қазақстан-ресейлік жедел-тактикалық команда-штабтық оқуларға қатысу болып табылады.

Шетелдік қонақтарды әуежайда ҚР Қарулы күштері құрлықтағы әскерилер бас қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы Руслан Әлімов бастаған әскерилер қарсы алды.