Шығысқазақстандық велошабандоз Алексей Лялько Лондон Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Шығысқазақстандық өрт сөндіруші жолдаманы Таиландта өткен Азия чемпионатында еншіледі. Ол қытайлық және өзбекстандық әріптестерінен озып, бесінші орынға табан тіреді. Қазақстандық Корея, Гонконг, Жапония және Иран елдерінің спортшыларына ғана есе жіберіп алды.

Шығыс Қазақстан облыстық 1-ші өрт сөндіру қызметінің кіші сержанты Алексей Лялько - Лондон Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасының әзірге жалғыз велошабандозы.

Алексей трек велоспортының шебері. Олимпиадада ол «Омниум» санатында өнер көрсетеді.