Қазірдің өзінде Шығыс Қазақстаннан 6 бағыт бойынша шығатын республикалық маңызы бар жолдар жабық. Төтеншеліктер жолда қалғандарды құтқару үшін арнайы штаб құрған. Олар осы уақытқа дейін қар құрсауында қалып қойған 200 көліктегі 930 адамды алып шықты. Енгізілген шектеуге байланысты Семейден 5 шақырым қашықтықта Өскеменге бет алған 200-ге тарта көлік тізбектеліп жолда тұр. Енді қар басып қалған күре жолды ашып үлгермей жатқан «Қазавтожол» мекемесінің сылбырлығы жұрттың шымбайына батып отыр.
Мария Жүнісова, жолаушы:
-Мына жердегі көп кісілер ұзын жолға жүретіндер. Олардың көліктеріндегі жанармайларымен қоса ақшаларыда бітті. Не мына тұрған кафеде ішетін тамақ жоқ.
Loading...