Шығыста көпір салуға миллиардтар керек

Концессиялық келісім аясында салынады деген Бұқтырма көпіріне мемлекет те қомақты қаржы құюы мүмкін. Ш.Бұқтұғұтовтың айтуынша, Еуропа қайта құру және даму банкі бұл жобаны тиімсіз деп тауып, қаржы құюдан тартынып отырса керек, деп жазады Altaynews.kz.

-Бұл көпір «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша салынады. Жоба құны – 37,4 млрд. теңге. Мемлекет оған ортақ қаржыландырушы ретінде кіреді, — деді ол.

Ал Өскемендегі Виноградов көшесін Өскемен-Таврия тасжолымен Ертіс арқылы тікелей жалғайтын көпір құрылысына 62,1 млрд. теңгенің инвестициясы қажет. Дәл осы жобаға еуропалық банк қызығушылық танытып отыр.