Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп жазады Sn.kz.
Оның айтуынша, қар көшкіні Шымбұлақтың батысындағы шатқалда орын алған.
«Расымен де бір адам қайтыс болды. Ол - Ресей Федерациясының азаматы. Оны тапқан кезде әлі тірі болатын. Алайда, алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ», — деді ТЖК-нің ресми өкілі.
Иманқұловтың айтуынша, қайтыс болған адам ресейлік рефери болған. Шымбұлақта ол Униерсиададан тыс жалғыз өзі сырғанап жүріпті. Қазір оқиғаның мән-жайын мамандар анықтап жатыр.